×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Маңғыстауға қоқиқаздар келді: бірақ кадр жұртты шошытты

Маңғыстауға қоқиқаздар келді: бірақ кадр жұртты шошытты
instagram.com/azamat_sarsenbayev

Маңғыстауға қоқиқаздар оралды. Бірақ белгілі блогер Азамат Сәрсенбаев жариялаған кадрлар жұртты шошытты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеодан қоқиқаздар «Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының» алдына ұшып келгенін аңғаруға болады. 

Блогердің оқырмандары видеоға қатысты түрлі пікір жазған:

- Өте қорқынышты көрініс екен… 

- Жасанды интеллект деп ойлап қалдым.

- Мына көріністі көріп жүрегім ауырып кетті, дейді олар. 


instagram.com/azamat_sarsenbayev

- Иә, арттағы көрініс қорқынышты, бірақ сыртқы көрініске қарап бірден асығыс шешім шығарудың қажеті жоқ. Егер осы жағдайды тереңірек қарастырсақ, дәл МАЭК-тің су төгетін арнасының арқасында Қаракөл көлі пайда болды. Дәл осы жылы су (су ағызу жүйесінен бұрын турбиналарды салқындатқан жылы теңіз суы шығады) әсіресе қыста жүзден астам құс түр, оның ішінде Қызыл кітапқа енген құстар да келіп жатады, дейді блогердің өзі.

ҚОҚИҚАЗДАР ҚАЙДАН КЕЛЕДІ

Айта кетейік, қоқиқаздар біздің елге Африка, Түрікменстан, Ауғанстан елдерінен ұшып келеді. Сәуір айында келіп, күн суытқанша (қыркүйек, қазан айларына дейін) болады. Қоқиқаздардың елордаға жақын жердегі негізгі мекені Қорғалжын қорығы, оларда сонда мекендеп, көбейеді. Мамандардың айтуынша, елімізге жыл сайын 100 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келеді екен. Оның ішінде Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облысының аумағын мекендейді.