Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес жасар балаға ота жасалған. Оның жағдайы тұрақты ауыр, бірақ өміріне төніп тұрған қауіп жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Лифтте жасөспірім пышақпен тап бергеннен кейін бала бетінен бірнеше жарақат алған.
Зардап шеккен бала №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылған.
Бала тексерілді, ота жасалды, хирургтар қанды тоқтату үшін тамырларды байлады. Баланың жалпы жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалайды. Отадан кейінгі жағдайы тұрақты, - деп хабарлады елордалық басқарма.
Барлық қажетті медициналық көмек және мамандардың кеңесі балаға толық көлемде көрсетіледі.
Бұған дейін лифт ішінде пышақпен балаға шабуыл жасаған адам – психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталғанын хабарлаған едік.