×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын

Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын
РИА Новости

Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров Киев Ресеймен қақтығысты аяқтау жөніндегі келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Умеровтің айтуынша, Украина соғысты аяқтау бойынша келіссөздерге дайын.

- Украина соғысты аяқтау бойынша келіссөздерге дайын. Бірақ әділ және тұрақты бейбітшілік Украина ұрыс алаңында мықты болған кезде ғана мүмкін болады, – деп жазды Умеров.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қатысты мәлімдеме жасап, бұл елдің болашағы туралы даулы пікір білдірді. Бұл сөздер Ақ үйдің Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі қарсаңында айтылды. 

АҚШ ПЕН УКРАИНА КЕЛІСІМІ

The Telegraph басылымының хабарлауынша, Трамп Украина билігінің АҚШ-қа жалпы құны 500 миллиард доллар болатын сирек кездесетін металдарды беруге келіскенін айтты. Ол бұл келіссөздердің нәтижесі Вашингтонның Киевке көрсететін әскери көмегіне әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

«Олар бұл келісімді жасай алады немесе жасамайды. Бір күні Ресейдің құрамына кіруі мүмкін, немесе бұл болмайды», – деді Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.