×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Атбасар түрмесінде Тимур Дәнебаевті азаптағандарды ақталып кетті

Бүгін, 18:10
Атбасар түрмесінде Тимур Дәнебаевті азаптағандарды ақталып кетті
скриншот

Сотталушы ретінде істен өткен 12 адам ақталып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Үш сұрақ болды. Іс-әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме? Бұл әрекетті сотталушылар жасағаны дәлелденді ме? Сотталушылар бұл әрекетті жасағаны үшін кінәлі ме? Кеңесу бөлмесінде алқабилер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығы туралы қорытындыға келді, сондықтан сотталушылар алқабилердің үкімімен кінәсіз деп танылды. Осыған сүйене отырып, алқабилер қандай дәлелдемелерді басшылыққа алды – өздеріңізестігендей, дәлелді бөлімде ол жазылмайды, өйткені үкім алқабилердің қатысуымен шығарылады, яғни бұл алқабилердің үкімі, - деп түсіндірді Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов.

Осылайша, сот қылмыстық атқару жүйесінің 12 бұрынғы қызметкерінің бәрін кінәсіз деп тапты. Қамауға алынған үш адам босатылды. Қазір барлық ақталғандар "заңсыз қылмыстық қудалау" үшін өтемақы талап етуге құқылы. 

АЗАПТАУ

Еске салайық, 2023 жылы 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде колония қызметкерлері әжетхана жуудан бас тартқан белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, қинаған видеосы тарады. Онда Дәнебаевты жерге жатқызып, қол-аяғын ұстап, дубинкамен ұрғаны көрінеді. "БАСЕ" телеграм-арнасы жариялаған видеодағы ақпаратқа қарағанда, бейне 24 тамызда Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда түсірілген. Әлеуметтік желіде тараған екі видеода биыл жазда сотталған Тимур Дәнебаев қызметкердің сұрағына жауап беріп, жатын бөлмені тазалауға келісетінін айтады. Қызметкер белсендіге «санитария-гигиена нормаларын сақтау» туралы міндетін айтып, күш қолдануға бұйрық береді. Видео соңында бұйрық беруші қызметкер белсендіге әкімшілік хаттама толтырылатынын айтады.

Бұдан бұрын Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Тимур Дәнебаевтың ісі бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлаған.