×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

Америкалық компания қазақ кәсіпкерін сотқа берді

Америкалық компания қазақ кәсіпкерін сотқа берді
ulysmedia.kz коллажы

Жамбыл облысында кәсіпкер америкалық брендпен соттасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралған. 

АМЕРИКАЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ШАҒЫМЫ

Сотқа «New Balance» бостондық компаниясынан (Массачусетс, АҚШ) 369 мың теңге көлемінде тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы өндіріп алу туралы шағым түскен. Америкалық компания «NEW BALANCE» тауар белгісіне айрықша құқықтардың иесі. Жамбылдық кәсіпкер америкалық компанияның келісімінсіз Қазақстандағы танымал қосымшадағы өзінің онлайн-дүкенінде компанияның тауар белгісін қолданып жүрген. 

Сотта қазақстандық компания контрафактілік тауарды сатқаны расталды.

КЕЛІСІМ

Сот істің материалдарын зерделеп, тараптарды татуластыруға тырысқан. Осылайша америкалық компания мен қазақстандық компания бітімгершілік келісім жасасты.

Келісімінің талаптары бойынша қазақ кәсіпкері 100 мың теңге мөлшерінде талап қою арызды мойындады: 73 мың теңге мөлшерінде өтемақы өндіру өндіріп алу және 27 мың теңге мөлшерінде бұзушылықты тіркеуге арналған шығыстарды өндіріп алу бойынша. Сондай-ақ енді ол америкалық компанияның тауар белгілерін пайдаланбайды, бұл туралы кепілдік хатқа қол қойылды.

ӨТЕМАҚЫДАН БАС ТАРТУ

Сотқа жүгінген америкалық компания қалған бөлігінде, атап айтқанда 296 мың теңге өтемақы сомасында талаптардан бас тартты. Сот талап қоюшы – NEW BALANCE-ке мемлекеттік бажды қайтарып, іс өндірісін тоқтатты.

Ұйғарым заңды күшіне енді .