×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

Нәтиже көңіл көншітпейді: Түркістан шетел туристеріне қызықсыз болып шықты

Нәтиже көңіл көншітпейді: Түркістан шетел туристеріне қызықсыз болып шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанның "рухани астанасы" саналатын Түркістан қаласына шын мәнінде көп турист келмейтін болып шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат Түркістан қаласына "ерекше мәртебеге" ие болатын заңды мақұлдаған болатын. Депутат Әлішер Сатвалдиев пленарлық отырыс барысында қалаға қомақты сома салынғанын айтты. Бірақ соған қарамастан қалаға шетелдік туристердің тек 2,6%-ы Түркістанға келген.

- Нәтиже көңіл көншітерлік емес. Туризмнің әлі де маусымдық сипаттан аспай отырғанын қарастыруға болады. Туризмнің онсыз да тығырықтағы жағдайын халықаралық әуе бағыттарының қысқаруы қиындатып отыр. Қазіргі уақытта Әзірет Сұлтан әуежайы тек Әбу Даби және Ыстамбұл рейстерін қабылдайды. Бұрын Кувейт бағытында рейс болған, Самарқанд бағыты қарастырылған. Дегенмен табыссыз болғандықтан бұл бағыттар жабылды, дейді сенатор.

Сатвалдиевтің сөзінше, мұндай жағдай билет құнының жоғары болуына байланысты жеті республикалық ішкі рейстерде де төніп тұр.

- Өйткені Шымкент қаласы арқылы ұшып келу екі есе арзан. Өңірді туризмді дамыту үшін Түркістанды Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа сияқты негізгі маршруттармен байланыстыру мәселесі мамандар тарапынан қайта-қайта көтеріледі, екі жақты келісімдер де жасалған. Бірақ Өзбекстанмен шекарадағы кезек мәселесі шешімін таппай отырғанын көріп, бұл мәселеде созылатын түрі бар деп топшылаймыз, дейді Әлішер Сатвалдиев. 

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Еске салайық, бұған дейін Түркістанға ерекше мәртебе берілетінін, қалада не өзгеретінін хабарлаған едік. 

Заңның мақсаты – Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде Түркістан қаласының ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді реттеу. Құжат Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтаудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құруды көздейді. 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймақтарының аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерге археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарланады.