НАТО бас хатшысы Марк Рютте Украина өз тағдырына қатысты барлық келіссөзге тікелей қатысуы керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол Трамп пен Путиннің әңгімесі сәтті болғанын атап өткен. Қоңырау Мәскеу мен Киев қақтығысын реттеу бойынша келіссөздердің басталуына "әсер етеді" деп мәлімдеген.
Рютте барлық тарап бейбітшілік тілейтінін айтқан. Бас хатшының сөзінше, қол жеткізілген келісімдер берік әрі ұзақ мерзімді болуы қажет.
Кеше ол НАТО диалог басталмас бұрын Украинада ең күшті келіссөздер позициясының болуын қамтамасыз етуі керектігін атап өткен еді.
ТРАМП ПУТИНМЕН КЕЗДЕСЕДІ
Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ президенті Дональд Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесетінін айтқан. Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде Украинадағы соғысты аяқтауға ниетті екенін бірнеше рет атап өткен.
ЗЕЛЕНСКИЙМЕН ДЕ СӨЙЛЕСКЕН
Президент Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Украина президентінің кеңсесі хабарлады. Украина президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвиннің айтуынша, Зеленский мен Трамптың әңгімесі шамамен бір сағатқа созылған.