×
497.89
520.89
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
520.89
5.47

Германияда көлік адамдар тобын қағып, 30-ға тарта кісі жараланды

Германияда көлік адамдар тобын қағып, 30-ға тарта кісі жараланды
Фото: reuters

Германияның Мюнхен қаласында қайғылы оқиға болды. Көлік асқан жылдамдықпен көшеде тұрған адамдарды қағып кетті. Бұл туралы қала полициясы X әлеуметтік желісінде хабарлады. Оқиға болған сәтте көшеде кәсіподақ ұйымдастырған митинг өтіп жатқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР

Бавария федералды жерінің премьер-министрі Маркус Зёдер кем дегенде 28 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Мюнхен мэрі Дитер Райтер зардап шеккендер арасында балалар да бар екенін айтты. 

- Бұл сұмдық оқиға. Мен жараланғандардың жағдайын ойлап уайымдап отырмын, деді ол.

ӘДЕЙІ ЖАСАЛҒАН ШАБУЫЛ

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл шабуыл әдейі жасалған. Шабуыл жасаған күдікті – 24 жастағы босқын.

Полиция күдіктінің Ауғанстан азаматы екенін анықтады. ABC агенттігінің мәліметінше, ол Германияда бассауға сұраушы ретінде тіркелген. Оның аты-жөні мен шабуыл жасаудағы мақсаты әлі ресми түрде жария болған жоқ.

Бавария федералды жерінің премьер-министрі Маркус Зёдердің айтуынша, күдікті бұрын есірткіге және ұрлыққа байланысты істі болған.

ТЕРГЕУ

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады. Қазір оқиға орны қоршауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік бұл шабуылдың нақты себептерін анықтап, қосымша қауіпсіздік шараларын енгізуді қарастырып жатыр.

Жергілікті билік пен полиция бұл шабуылды егжей-тегжейлі зерттеп, тиісті шешімдер қабылдайтынын мәлімдеді.