×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Pinduoduo мен Temu есепке қойылды: енді не өзгереді

14.02.2025, 21:45
Pinduoduo мен Temu есепке қойылды: енді не өзгереді
Ашық дереккөзден

Қазақстанда 101 сауда онлайн-платформасы, соның ішінде Temu, Pinduoduo және Alibaba салық есебіне қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің өкілдері премьер-министр Олжас Бектеновтің сарапшылар және кәсіпкерлермен кездесуі барысында мәлімдеді. Жиын барысында қатысушылар салық реформасы мәселелерін талқылады.

Кездесу кезінде Қаржы министрлігінің үлкен деректерді талдау жүйесі таныстырылды. Бұл жүйеге қазіргі уақытта 55 мемлекеттік дерекқор енгізілген, ал жыл соңына дейін олардың саны 100-ге дейін ұлғаяды. Осы ақпарат негізінде салық төлеушілердің цифрлық профильдері жасалуда. Қазіргі таңда 569 мың заңды тұлға мен 1,8 миллионнан астам жеке кәсіпкердің профилі құрылды.

"Бүгінде 101 сауда онлайн-платформасы, соның ішінде Temu, Pinduoduo және Alibaba Group салық есебіне қойылған. Олар 75 миллиард теңге көлемінде қосылған құн салығын (ҚҚС) немесе Қазақстан азаматтарына электронды түрде тауарлар мен қызметтер ұсынатын шетелдік компаниялардың салықтарын төледі", – делінген баспасөз хабарламасында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еуропалық комиссия Temu маркетплейсі контрафактілі және қауіпті өнімдерді сатуы мүмкін деп күдіктенгенін хабарлаған едік.

 

Еуропалық комиссия Қытайдың Temu онлайн сауда платформасына қатысты айыппұл салу процесін бастады. Бұған қоса, сыншылар бұл дүкеннің парақшасы сатып алушыларда тәуелділік тудырып, оларды жоспарланбаған шығындарға итермелейтіндей етіп жасалғанын айтуда.

ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, бұл онлайн-платформа Қазақстанда мобильді құрылғылар арқылы сауданың ыңғайлылығымен және уақытша жеңілдіктер туралы тұрақты хабарламаларымен танымал болды. Temu Kazakhstan маркетплейсінің ресми парақшасында 370 мыңнан астам жазылушы бар.