×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Шерзат ісі: сенатор түрме бастықтарының үстінен іс қозғалуы мүмкін екенін жоққа шығармады

18.02.2025, 15:20
Шерзат ісі: сенатор түрме бастықтарының үстінен іс қозғалуы мүмкін екенін жоққа шығармады
Ulysmedia коллажы

Бұрынғы ішкі істер вице-министрі әрі қазіргі сенатор Марат Қожаев Шерзат Полаттың ісі бойынша ұсталған күдіктілердің тергеу изоляторында емін-еркін туған күнін тойлаған видеосы жайлы Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап берді.

СЕНАТОР НЕ ДЕЙДІ

Қазір ол бойынша ішкі істер департаменті басшылығы тексеріп жүргізіп жатырмыз деп мәлімет берді. Тексеріс кезінде олардың бәрі бір жерде қалай отырғаны анықталады. Олай болмау керек. Заңмен бекітілген арнайы тәртіп бар. Олардың бәрі заң бойынша бір камерада жиналмауы керек. Олар көп нәрседен шектелген. Телефондары, музыкалық құралдары болмауы тиіс. Тамақ бірақ ол жерде беріле береді. Бәрі олардың бір істен бе, мен қазір айта алмаймын. Бет-әлпетін білмеймін, – деді Марат Қожаев Ulysmedia.kz тілшісіне сенат кулуарында.

Шерзат Полаттың туған-туыстарының мүддесін қорғайтын адвокаттар осыған жол берген уақытша ұстау изоляторының әрекетінде қылмыстық құрам бар деп мәлім еткен еді. Қожаевтан осы турасында пікірі сұралған.

Құрам болса, арнайы департамент бар ғой. Олар тексеріп, қылмыстық себептер анықталса олар жауапқа тартылады, – дейді Қожаев.

ТАРАҒАН ВИДЕО 

Шерзаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде мәз-мейрам болып, туған күндерін тойлап отырған бейнежазба кеше тараған еді. Бейнежазба Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген. Видео Ұлысмедиа редакциясына жіберілді. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.