×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің суреттері жарияланды

Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің суреттері жарияланды
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің суреттері жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компания қаза тапқан қызметкерлердің суреттерін жариялап, арнайы жазба шығарды. 

- Бүгін біз үшін орны толмас ауыр күн. «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері – біздің үлкен отбасымыз және әрқайсының өмірі біз үшін баға жетпес құндылық.Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Біз барынша қолдау көрсетеміз, делінген мәлімдемеде. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін кейінгі 15 жылда «Қазақмыс» кәсіпорындарында қанша қызметкер қаза тапқанын жазған едік. 

ҚАЗАҚМЫСТАҒЫ АПАТ

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты

ШАХТАДАҒЫ АПАТ

17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.