×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

КҚК станциясына дрондармен шабуыл: Ресей қылмыстық іс қозғады

18.02.2025, 19:45
КҚК станциясына дрондармен шабуыл: Ресей қылмыстық іс қозғады
Ulysmedia коллажы

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыры концорциумы тарапынан Қазақстанның мұнайына шектеу жоқтығын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қазір КҚК тарапынан Қазақстанның мұнайына шектеулер жоқ, қабылдау кестеге сәйкес жүзеге асырылады. КҚК ақпаратына сәйкес, "Теңіз – Новороссийск" магистральдық мұнай құбыры 2025 жылы 17 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 02:50-де "Кропоткинская" ЖЗҚ қатысуынсыз транзиттік режимге іске қосылған, – деп хабарлайды министрлік.

Қазақ мұнайы тасымалданатын Ресейдегі станцияға бұған дейін дронмен шабуыл жасалған болатын. Ақпаратты энергетика министрлігі таратты. Олардың айтуынша, шабуыл жасалағанын КҚК-да растады.

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылы 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының "Кропоткинская" ЖЗҚ мұнай тасымалдау объектісі БПЛА шабуылына ұшыраған. Жарылғыш заттардан басқа метал зақымдайтын элементтермен толтырылған жеті ұшқышсыз ұшақ террористік шабуыл жасаған. Шабуыл объектінің жұмысын бұзып қана қоймай, станцияның жедел қызметкерлерін өлтіру мақсатында уақыт аралығымен жасалды.

Украина қарулы күштері Ресей аумағындағы стратегиялық нысандарға соққы бергенін ресми түрде растады.

РЕСЕЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

Ресейдің тергеу комитеті Украина қорғаныс министрлігінің арнайы қызметінің, қорғаныс министрлігінің және басқа да әскери құрылымдардың әскери қызметшілеріне қарсы іс қозғаған. Олар Украинаның бақылауындағы аумақта және қылмыстық бұйрықтарды орындай отырып, азаматтық инфрақұрылым объектілері бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып шабуыл жасады деп айыптады.