×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

АҚШ Украина азаматтарын қабылдауды уақытша тоқтатты

19.02.2025, 19:35
АҚШ Украина азаматтарын қабылдауды уақытша тоқтатты
Ашық дереккөзден

Вашингтон Украина мен Латын Америкасы елдерінің азаматтарынан иммиграцияға қатысты түскен барлық өтініштердің қаралуын тоқтатты. Бұл шешім АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден әкімшілігі енгізген бағдарламалар аясында елге кіруге рұқсат алған адамдарға әсер етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАШАНҒА ДЕЙІН СОЗЫЛАДЫ?

CBS News мәліметінше, бұл директива белгісіз мерзімге созылады, өйткені мемлекеттік органдар алаяқтық жағдайларын анықтау және тексеру рәсімдерін жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікке байланысты алаңдаушылықтарды азайту мақсатында жасалуда. Аталған қадам заңды негізде АҚШ-та қалуға мүмкіндік беретін түрлі иммиграциялық жеңілдіктерге өтініш берген мыңдаған мигранттар үшін белгісіздік туғызуы мүмкін.

Қызметтік жазбада Байден әкімшілігі "иммиграциялық бағдарламаларды бұрын-соңды болмаған ауқымда қолданды, бұл заңсыз түрде оңтүстік шекараны кесіп өтудің орнына, мигранттарды заңды миграциялық арналарға тіркелуге ынталандыру үшін жасалды" деп айыпталған. Бұл директиваны дайындау туралы алғашқы хабар 25 қаңтарда, Дональд Трамп президент қызметіне кіріскеннен кейін бес күн өткен соң пайда болған.

ҚАНША УКРАИНАЛЫҚ КІРГЕН?

Қабылданған шешім, әсіресе, Uniting for Ukraine бағдарламасына әсер етті. Бұл бағдарлама аясында қаржылық демеушілердің қолдауымен Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін АҚШ-қа шамамен 240 мың украиналық кірген.

Демократиялық әкімшіліктің басқа да бағдарламалары Венесуэла, Гаити, Никарагуа және Куба азаматтарына, сондай-ақ Орталық Америка, Колумбия, Эквадор, Гаити және Кубадан шыққан, АҚШ-та туыстары бар мигранттарға бағытталған. Осы бағдарламалар аясында АҚШ-қа 530 мыңға жуық адам кіргені жазбада көрсетілген.

Бұл бағдарламалар арқылы АҚШ-қа кірген адамдарға тек уақытша жұмыс істеу құқығы және әдетте екі жылға созылатын депортациядан қорғау берілген. 19 ақпанда қабылданған жаңа директиваға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер енді осы бағдарламалар бойынша болу мерзімін ұзарту туралы өтініштерді қарастыра алмайды, егер олар Байден әкімшілігі саясаты аясында АҚШ-қа келген болса.