×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Тұрлыханов пен Ким спорт федерацияларына басшылық етеді

27.12.2021, 14:43
Ulysmedia.kz

Азия күрес федерациясының президенті және UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ал Вячеслав Ким, Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) мәліметінше, Ұлттық таэквондо федерациясы мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Қазақстан таэквондо федерациясының (WT) президенті қызметіне қайта сайланды.

«Күрес федерациясының кезектен тыс конференциясында спорт құрылымының экс-президенті Ерлан Қожасбай қызметінен кету туралы шешім қабылдап, орнына Дәулет Тұрлыхановты ұсынды. Оны конференцияға қатысушылардың бірауыздан қолдады. Айта кетерлігі, бұған дейін Тұрлыханов аталған федерацияның вице-президенті қызметін атқарды», – дейді ҰОК өкілдері.

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар, Дәулет Тұрлыханов – 1989 жылғы әлем чемпионы және 1993 жылғы әлем вице-чемпионы, 1995 жылғы Еуропа және Азия чемпионы, Олимпиаданың күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, сегіз дүркін КСРО чемпионы.

Вячеслав Ким болса, Ұлттық таэквондо федерациясы басшысы қызметін 2013 жылдан бері атқарып келеді. Сонымен қатар, ол, 2018 жылы Алматы триатлон федерациясы қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды. Сондай-ақ, Кэндо және Иайдо федерациясының президенті болып табылады.

Серіктес жаңалықтары