×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Уақыт белдеуі: ШҚО-дағы тағы екі ауданда жұмыс кестесі өзгерді

Уақыт белдеуі: ШҚО-дағы тағы екі ауданда жұмыс кестесі өзгерді
Ulysmedia.kz коллажы

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Енді бұл аудандарда жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін аралығында болады.

Марқакөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, жаңа кесте тұрғындармен кеңескеннен кейін енгізілді.

- Жұмыс уақыты таңғы 08:00-де басталды. Халықпен ақылдаса келе, осындай шешім қабылдадық. Бұл өзгерісті тұрғындар қолдады, себебі таңертең бәрі ерте оянады, ал кешкі уақытта отбасы мен тұрмыстық шаруаларға көбірек уақыт қалады, деді әкімдік өкілдері.

 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қатон-Қарағай ауданында мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік ұйымдардың жұмыс кестесі өзгерді. Аудан әкімдігі тұрғындардың ұсынысын қолдап, өзгерісті пилоттық режимде енгізді. 

ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Қазақстан былтыр 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Алайда бұл барлық тұрғынға бірдей қолайлы болмай шықты. Қазақстандықтар тіпті уақытты кері қайтару туралы петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың қол жиналған. Мәжілістің бір топ депутаты да жаңа уақыт белдеуіне қарсы пікір білдірген. Бірақ үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің дұрыстығын қайталаудан танбай келеді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, қолданыстағы UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етеді әрі электр энергиясын шамадан тыс тұтынуға алып келеді деген уәж расталмады деген.