Грузия парламенті шетелдік агенттер туралы заңды тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Sputnik Ближнее Зарубежь басылымының мәліметінше, Грузиядағы шетелдегі агенттер туралы заң АҚШ-тың FARA заңының көшірмесі.
- Америкалық FARA-ның әр сөзі, үтір, нүктесіне дейін көшірілген, деді парламент спикері Шалва Папуашвили.
Грузия парламенті бұған дейін америкалықтарға қарағанда жеңіл заңның нұсқасын қабылдаған, бірақ бұл оппозицияға ұнамады. Штаттық нұсқа шетелден демеушілік жасайтын жеке тұлғалар үшін де шетелдік агент мәртебесін қарастырады.
ҚАЗАҚСТАН
Еске салайық, бұған дейін «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты Ирина Смирнова Қазақстанда "шетелдік агент" ұғымын енгізуді ұсынды. Үкіметке сауал жолдаған соң мәжіліс кулуарында ол "бұл фракциясы атынан бастама" екенін айтты.
Смирнова өткен пленарлық отырыста өз фракциясының депутаттары USAID қызметіне қатысты депутаттық сауал жолдағанын айтады.
Депуаттың сөзінше, жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда шетелден қаржы алатын шамамен 200-ден астам үкіметтік емес ұйым бар екен. Ирина Смирнованың айтуынша, Қазақстанда өзін жайлы сезініп жүрген шетелдік үкіметтік емес ұйымдар шын мәнінде өз «ойындарын» жүргізіп жатса, олардың ықпалы елге теріс әсерін тигізуі әбден мүмкін.