×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Қырықбаев Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды

Қырықбаев Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды
Ulysmedia.kz коллажы

Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРЛЫҚ

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген Ақорда хабарламасында. 

ҚЫРЫҚБАЕВ ТУРАЛЫ

Арман Қырықбаев ҚР сыртқы істер министрлігінің Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Дипломатиялық академиясын бітірген.

Ұзақ уақыт Бауыржан Байбекпен бірге жұмыс істеді. Мәселен, 2014-2015 жылдары Қырықбаев "Нұр Отан"партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болды.

Кейін Қырықбаев Байбекпен бірге Алматы әкімдігіне келіп, ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты және тілдерді дамыту мәселелеріне бас-көз болды.