Алматыда Украинаны қолдап, пикетке шыққан ресейлік Тимофей Морозовқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОТ ПРОЦЕСІ
Іс әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.
- 24 ақпанда сағат 12:10 шамасында Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінде орналасқан Тәуелсіздік монументінің жанында Ресей Федерациясының азаматы Т.Н Алматы қаласы әкімдігінің рұқсатынсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге, жергілікті атқарушы органның хабарламасынсыз, келісімінсіз және рұқсатынсыз «Украіна Переможе Россия будет свободной» деген жазуы бар плакаттарды заңсыз өткізу, сол арқылы бұқаралық іс-шара – жиналыс, жиналыс ұйымдастырған, делінген соттың хабарламасында.
Сотта ресейлік белсенді кінәсін мойындап, айыппұл түріндегі жаза қолдануды сұраған.
СОТ ШЕШІМІ
Осылайша, Морозов ӘҚБтК-нің 488-бабының 9-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Әкімшілік жазаны таңдаған кезде сот ӘҚБтК-нің 55-57-баптарының талаптарын, бірінші рет жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын және кінәсін мойындауын, кінәлі тұлғаның жеке басын, кінәлі тұлғаның материалдық жағдайын ескерілген.
Осылайша Морозовқа 196 600 теңге (50 х 3932 теңге) мөлшерінде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.
БҰҒАН ДЕЙІН
24 ақпанда Ресей азаматы Тимофей Морозов Алматыдағы Республика алаңына Украинаны қолдап, пикетке шыққан болатын. Артынша полиция Ресей азаматы Тимофей Морозовты полиция бөлімшесіне алып кеткен.