Танымал қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов АҚШ пен Украинаның «пайдалы қазбалар мәмілесі» туралы пікір білдіріп, болашақта қазақстандық металлургиялық компанияларға да қауіп төнуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Рысмамбетов жақында АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның минералды және мұнай-газ ресурстарынан түсетін кірістің 50 пайызын штаттар алатын келісімге бастамашы болғанын еске салды.
- Одан кейін Трамп бір кеңесте Ресейдің сирек жер ресурстарын сөз етті. Араға көп уақыт салмай Ресей президенті Ресейдің сирек жер ресурстарын АҚШ-пен бірлесіп игеруге дайын екенін айтты. Ал Қазақстанда Ресейдің ондаған ірі жер қойнауын пайдаланушылары жұмыс істейтінін ұмытпайық, дейді Рысмамбетов.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСУРСТАРЫ
Сарапшы Қазақстанда тез арада стратегиялық активтер агенттігін құру немесе стратегиялық активтерді бақылауды ұлттық қауіпсіздік комитетіне, стратегиялық активтер агенттігіне және қаржы министрлігіне тапсыру керегін айтты.
Рысмамбетов болашақта ресейліктер “Қазақмыс” пен “Қазцинкті” сатып алуға тырысуы мүмкін екенін айтты.