×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Енді жекеменшік мектепке кімнің есімі берілетінін ономастикалық комиссия шешеді

Енді жекеменшік мектепке кімнің есімі берілетінін ономастикалық комиссия шешеді

Енді жекеменшік мектептер де білім беру ұйымына қандай тұлғаның есімін беруді ономастикалық комиссиямен мақұлдап отырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәжілістің жалпы отырысында айтты. 

- Заң жобасының маңызды бағыттарының бірі жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімін беру және оны өзгерту процесін ономастикалық комиссиямен келісім тәртібін енгізу. Соңғы жылдары, өздеріңізге белгілі, жекеменшік білім беру ұйымдарының саны көбейді. Сәйкесінше оларға түрлі тұлғалардың есімін ешқандай ресми келісімсіз беру жиілеп кетті. Кейбір оқиғалар қоғамда резонанс тудырған болатын.

Енді жекеменшік білім беру ұйымдары тұлғалардың есімін бермес бұрын, облыстық ономастикалық комиссияның ресми мақұлдауын алуға міндетті болады. Яғни олар мемлекеттік білім беру ұйымдары сияқты ономастикалық рәсімдерден өтеді, дейді Аймағамбетов. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік мектептерде білім алатын 71 мың оқушы жекеменшік мектептерге ауысып кеткені хабарланған болатын. Бұл туралы үкімет басшысының экс-орынбасары Тамара Дүйсенованың мәжіліс депутаттарына берген жауабынан айтылған. Дүйсенова жекеменшік білім беру ұйымдарындағы сапаны қамтамасыз ету мақсатында жеке мектептер әр бес жыл сайын мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтетінін еске салды. Одан бөлек, профилактикалық бақылау, біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексеру шаралы өтіп тұрады. Айталық, Қазақстанда ашылып, бес жылдан артық жұмыс істеген 189 жекеменшік мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өтіп үлгерген.