×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Қазақстанда Temu және AliExpress-тен салық өндіру ұсынылды

Қазақстанда Temu және AliExpress-тен салық өндіру ұсынылды
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев шетелдік маркетплейстерге қатысты бірнеше талап қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕДІ

Депутаттың айтуынша, халықаралық онлайн-платформаларға салықтық бақылаудың жоқтығы бюджетті айтарлықтай шығынға батырып отыр. Оның үстіне бұл қазақстандық кәсіпкерлерді келеңсіз жағдайға қалдырады.

Ол бүгінде 200 еуроға дейінгі тауарларды бажсыз әкелу құқығын пайдалана отырып, шетелдік маркетплейстер Қазақстанда салық төлемейтінін айтты. Ал нарықтың айтарлықтай бөлігі соларға тиесілі болып отыр. 

- Егер қазақстандық кәсіпкерлер 16,3 пайыз салық жүктемесі бойынша жұмыс істесе, ал кейбір жағдайларда 62 пайызға дейін жетеді. Ал шетелдік онлайн маркетплейстер салықты айналып өтіп жүр. Яғни екі тарапқа бірдей жағдай жасалмай отыр, дейді депутат. 

Сонымен қатар, Перуашев 2023 жылы шетелдік компаниялар қосымша құн салығын төлемегендіктен бюджетке 60 миллиард теңге түспегенін атап өтті. 

ҰСЫНЫС

Осыған байланысты депутат бірнеше ұсыныс жасады:

Қазақстан Республикасының салық органдарында сыртқы нарықтарды міндетті тіркеу туралы талапты енгізу;

қазақстандық тұтынушылардан алынатын табысқа ҚҚС және басқа да салықтарды төлеуді міндеттеу;

халықаралық төлем жүйелерімен интеграцияны, қызметтер мен логистиканы ұйымдастыруға жәрдемдесуді қоса алғанда, отандық электрондық сауданы және оның қатысушыларын мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу.