Қазақстанға оралғанына бір ай болған Мұхтар Ербаянның жағдайы жақсарып келеді. Ербаянның реабилитациясымен айналысқан дәрігердің айтуынша, Стамбулда жасалған операциядан кейін оның жағдайы айтарлықтай жақсарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕРБАЯННЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Қазіргі таңда Ербаянның қимыл-қозғалысы мен сөйлеу қабілетін қалпына келтіру үшін күн сайын үздіксіз жұмыс жүргізілып жатқанын дәрігер айтты.
ЕРБАЯННЫҢ САУЫҒУҒА ҰМТЫЛЫСЫ
Дәрігер алғашқы күндерден-ақ Ербаянның сауығып кететініне сенім білдіреді.
“Стамбулда жасалған операциядан кейін оның жағдайы әлдеқайда жақсарды, қазір біз күн сайын қимыл-қозғалысын және сөйлеу қабілетін қалпына келтіру үшін тынбай жұмыс істеп жатырмыз. Ербаянның көзіндегі от оның өмірге деген құштарлығы мен сауығып кетуге деген ұмтылысын көрсетеді. Ол берілмейді, және біз де қолдау көрсетуді тоқтатпаймыз.”- деді дәрігер.
Дәрігер Ербаян үшін дұға етуге және оның сауығып кетуіне қолдау білдіруге шақырады. Оның ата-анасы әлі де қаражат жинауды жалғастыруда, өйткені Ербаянға қосымша тексерулер мен үлкен реабилитациялық жұмыс қажет.
БҰҒАН ДЕЙІН
Ербаян Мұхтардың ісінде күдікті табылмағаны туралы хабарлаған едік.
ҚОРҒАУШЫ НЕ ДЕЙДІ
Ербаянның қорғаушысы Инга Иманбайдың сөзінше, олар ешкім күдікті деп танылмағанын бір ай бұрын жариялаған.
– Оның ішінде, әлі күнге дейін ешкім күдікті ретінде танылмағаны және процессуалдық шешімдер қабылданбағаны туралы ақпарат бар. Істе тексеруге алынған тұлғалар бар, оның ішінде қорғау құқығына ие куәгерлер – олар күдікті мәртебесіне бір қадам қалды деген сөз. Бірақ тергеу органдары ооарға қатысты шешім қабылдауға асығар емес.
Инга Иманбай бұл істі тергеу ақиқатты анықтау үшін емес, қоғамның назарын ескере отырып қана жүргізіп жатқандай әсер қалыптасқанын айтады.
КҮДІКТІ ЖОҚ
Еске салайық, бас әскери прокурордың орынбасары Максат Қазиев Ұлттық ұланда әскери борышын өтеген сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күнге дейін ешкім күдікті деп танылмағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, қазір кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар мен тергеу нәтижелерін алғаннан кейін шешім қабылданады. Іс Бас прокуратураның және бас әскери прокурордың ерекше бақылауына алынған.