×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Астана су қоймасының суы ішуге жарамсыз болып қалған

Астана су қоймасының суы ішуге жарамсыз болып қалған
Ашық дереккөзден

Астана су қоймасының суы енді ішуге жарамсыз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Datahub сарапшылары “Қазгидрометкеә сілтеме жасап хабарлады. 

МӘН-ЖАЙ

2024 жылдың қорытындысы бойынша Астана су қоймасының суы төртінші кластағы сапада екені анықталған. Мұндай суларды тек суару және өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін пайдалануға болады. Оларды шаруашылық-ауыз су мақсатында қолдану үшін су жинау орындарында қарқынды тазарту жүргізу қажет.

ТӨРТІНШІ КЛАСС ДЕГЕН НЕ

Астана су қоймасының төртінші ккласқа жатқызылуына судың құрамында қалқыма заттардың концентрациясы 5,467 мг/д3 деңгейінде болуы себеп болған. Қалқыма заттар – табиғи және антропогендік қатты бөлшектер. Бір жағынан бұл балшық, құм, саз болуы мүмкін. Екінші жағынан – ағын суларды тазарту кезінде түзілетін металл гидроксидтерінің үлпектері, асбест, шыны талшықтары, базальт бөлшектері болуы мүмкін. Қалқыма заттардың концентрациясы судың мөлдірлік дәрежесін де анықтауға мүмкіндік береді.

ЗЕРТТЕУ

«Қазгидромет» РМК Қазақстандағы су объектілерін соңғы алты жыл ішінде бірыңғай жіктеу жүйесіне сәйкес су сапасының сыныптары бойынша бағалап келеді. Осы кезеңде Астана су қоймасына тек бір рет, 2019 жылы, екінші класс деп анықталған (санат жоғары болған сайын, су сапасы жақсырақ). 

Астана су қоймасы қала тұрғындары тұтынатын ауыз су мен техникалық судың негізгі көзі саналады. Гидротехникалық құрылыс 1970 жылы салынған. Оның түбін алғаш рет тазарту жұмыстары 2023 жылы басталды. Сол кезде су қоймасының көлемінің 30%-ын балшық пен құм алып жатқан. Төменгі бетін толық тазарту он жылға созылуы мүмкін деген болжам жасалды, себебі климаттық жағдайларға байланысты жұмыстарды жылына тек бес ай жүргізуге болады.