Олигарх Қайрат Боранбаевтың отбасына тиесілі банк шоттары бұғаттан шығарылды. Швейцарияда бұғатталған қаражаттан бөлек, кәсіпкер Боранбаевтың отбасына тиесілі бірнеше елдегі жылжымайтын мүлік те бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Швейцарияның федералдық қылмыстық соты елдің банк шоттарындағы 212 миллион долларды бұғаттан шығаруға келісім берді. Бұл қаражат, болжам бойынша, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың жұбайы Шолпан Боранбаеваға тиесілі болуы мүмкін.
Бұл шешім Қазақстанның аталған активтерге қатысты талаптарынан бас тартқаннан кейін қабылданды. Мұндай қорытынды сот құжаттарында көрсетілген, деп жазады «Власть» басылымы.
Журналистердің есептеуінше, Боранбаев мемлекетке жалпы құны шамамен 94 миллиард теңге болатын активтерді берген.
Швейцарияда бұғаттан шығарылған Шолпан Боранбаеваға қатысы бар қаражаттан бөлек, кәсіпкердің отбасында әлі де көптеген басқа активі бар. Олардың ішінде бірнеше елдегі, атап айтқанда, Ұлыбритания, Чехия, БАӘ және Ресейдегі жылжымайтын мүлік те бар.
ДЕПУТАТТЫҢ РЕАКЦИЯСЫ
Жарияланған ақпаратқа Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи қысқа ғана пікір білдірді: “Міне, біз елдің ұрланған активтерін осылайша қайтарамыз”.
БОРАНБАЕВТЫҢ ІСІ
2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым сала отырып алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Қайрат Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеп берді. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.
2023 жылдың 16 қазаны мен 18 қазаны аралығында Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың мүлкінің мемлекетке өткені туралы хабарлады.Олардың ішінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені, кеңсе бөлмелері, сауда-ойын-сауық кешені, спорттық-сауықтыру жүйесі, «Қаражанбас Северный» кен орны, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясы, сондай-ақ «Азия Газ Чунджа» газ таратушы зауыты бар. «KazTurboRemont Service Center» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу. 2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны белгілі болды.
Көп өтпей Боранбаевтың өзі бостандыққа шықты.