×
501.49
525.71
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.49
525.71
5.77

«Феминита» ұйымының негізін қалаған Секербаеваны Алматыда полиция бөліміне алып кетті

Бүгін, 16:17
«Феминита» ұйымының негізін қалаған Секербаеваны Алматыда полиция бөліміне алып кетті
Әлеуметтік желіден

«Феминита» қозғалысының белсенділері Жанар Секербаеваның Алматы қалалық аудандық полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Секербаева жаттығу залынан алып кеткені хабарланды.

Жанар Секербаева Алмалы аудандық полиция басқармасына жаттығу залынан әкетілді. Ол бұған дейін қонақүйге жасалған басып кіру оқиғасы бойынша түсініктеме жазғаны айтылуда. Алайда оған ешқандай шақырту қағазы берілмеген, оны жай ғана күштеп ұстап, бөлімшеге алып кетті, – делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті әзірге бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.

13 ақпанда Алматыда "Ата-аналар одағы" ұйымының төрайымы Бағила Балтабаева мен оның жақтастары "Feminitа" қауымдастығы ұйымдастырған адам құқықтары мектебіне келіп, жанжал шығарған.

Келесі күні осы құқық қорғау ұйымының іс-шарасы өтіп жатқан қонақүйде тағы да қақтығыс орын алды. ЛГБТ-ға қарсы топтың өкілдері, оның ішінде Қазақстандағы "Ата-аналар одағының" жетекшісі Бағила Балтабаева бастаған топ ғимаратқа баса-көктеп кірген. Олар бұл жиында ұлттық мәдениет пен құндылықтарға қайшы идеялар насихатталып жатыр деп айыптап, шараны тоқтатуды талап етті, тіпті оны қатты музыка қосып, үзбекші болды.

Бұған дейін Ulysmedia редакциясы USAID ұйымының әлем бойынша қызметін тоқтатқаннан кейін Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың жағдайын зерттеген еді. Қазақстандық феминистік бастамалардың белсендісі Жанар Секербаева "Feminitа" ұйымының USAID-пен ешқандай байланысы жоқ екенін мәлімдеген.