Соғыстан қашқан ресейлік Игорь Санджиев Қазақстан президентінен саяси баспана сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттыққа" сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Оның айтуынша, шамамен екі жылда Қазақстанның ресми орындары оның босқын мәртебесін беру туралы өтінішін орындамаған. Ол шешімді сот арқылы даулағанмен нәтиже болмаған.
Оның сөзінше, бірнеше беттен құралған жазбаша өтінішті 20 ақпанда Астанадағы ішкі істер министрлігіне апарып, талон алған. Өтініш кемінде үш ай қаралмақ.
Министрлік өкілдерінің сөзіне сүйенген оның сөзінше, ведомствоның өзі өтінішті қарастырмайды - олар құжаттарды жинайды.
Олар үш ведомство: ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы істер министрлігі, еңбек министрлігінің келісімі немесе бас тарту құжатын керек. Құжаттарды азаматтық жөніндегі комиссияға тапсырмақ.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Украинада соғысқан қазақстандық Петр Мирошниченко Путиннен пана сұраған болатын. Ал Ресейдің ішкі істер министрлігі Украинадағы әскери қақтығыстарға қатысқан қазақстандық азаматқа уақытша баспана беруге дайын екенін мәлімдеді.
- Ресей ішкі істер министрлігі бұл азаматтың біздің ел аумағында уақытша тұруына рұқсат беруге әзір. Бұл туралы бұған дейін «Восток» еріктілер бригадасының өкілдеріне хабарлаған, деп мәлімдеді ведомство.
Петр Мирошниченко бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинге видео арқылы үндеу жолдап, Ресейдің азаматтығын алуға көмектесуді сұраған. Ол Қазақстанға оралу мүмкін емес екенін ашық айтты.
- Қазақстанға менің оралуым мүмкін емес, өйткені ол жақта мені жалдамалы әскери қызметке қатысқаны үшін ұзақ мерзімге түрме жазасы күтіп тұр. Ал Ресей аумағында ресми түрде де бола алмаймын, себебі маған бұл жерде тыйым мен елден шығару туралы шешім бар, деді Мирошниченко өз үндеуінде.