×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

25 мамырға дейін уақыт бар: Skype жұмысын тоқтатады

Бүгін, 10:03
25 мамырға дейін уақыт бар: Skype жұмысын тоқтатады
JarTee / Shutterstock / FOTODOM

Биылғы 25 мамырдан бастап Skype мессенджері мен бейнеқоңырау қызметі жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ұлысмедиа компанияның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Хабарламада: "2025 жылғы мамырдан бастап Skype жұмыс істемейді. Алдағы күндері сіз чаттар мен байланыс нөмірлерді жоғалтып алмау үшін Skype есептік жазбаңызды пайдаланып Microsoft Teams Free жүйесіне кіре аласыз. Skype-пен бірге болғаныңызға рахмет", - деп жазылған.

Microsoft сайтында Teams-қа ауысу тегін деп жазылған. Ал Skype-тің халықаралық және ішкі қоңыраулары сияқты ақылы қызметін пайдаланған адамдар келесі жаңарту кезеңінің соңына дейін ауыса алатыны айтылған.

2025 жылдың 5 мамырынан кейін қалған ақылы пайдаланушылар нөмірді теру тақтасын (Skype Dial Pad) Skype веб-порталы және Teams арқылы қолана алады.

Skype-тың жабылуы туралы ресми хабарландыру шықпай тұрып белгілі болған. Бұл туралы ақпаратты XDA Developers порталы оқырмадарының бірі бағдарламаның жаңа бета-нұсқасының кодында байқады.

“Мамыр айынан бастап Skype істемейді. Қоңыраулар мен чаттарды Teams-та жалғастырыңыз”, – делінген кодтағы үзіндіде.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Естеріңізге сала кетсек, Skype мессенджері мен бейнеқоңырау қызметі кезінде әлемдегі ең танымал сайттардың бірі болған. Бағдарламаны 2003 жылы эстондық мамандар жасаған.

2011 жылы Skype-ты Microsoft 8,5 миллиард долларға сатып алып, оны компанияның басқа өнімдеріне, соның ішінде Xbox және Windows құрылғыларына біріктірді.

2016 жылы Microsoft Teams қызметін шығарды. Оның танымалдығы, сондай-ақ бейнеконференция өткізуге мүмкіндік беретін басқа қызметтердің тиімділігі пандемия кезінде арта түсті.