×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Ресей елшісі Астананың төрінде әскери насихат жүргізді

02.03.2025, 19:18
Ресей елшісі Астананың төрінде әскери насихат жүргізді

Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин Масленица мейрамын тойлауға жиылған астаналықтарға әскери насихат жүргізіп, елді дүрліктірді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

 

Көпшіліктің алдында тарихтан мысал келтіре сөйлеген дипломат қызды-қыздымен 1945 жылғы жеңісті тілге тиек етіп, “таяуда жеңіске жетеміз” деді.

Оның бұл сөзі жазылған бейнежазбаны журналист Рауль Упоров жариялады. Журналистің айтуынша, мереке Астанадағы Успенск соборының аумағында өткізіліп жатқан.

Баяғыдағы (1945 ж. – авт.) сияқты бәріміз жеңісті күтіп жүрміз. Тағатсыздана күтіп жүрміз. Ол жеңіске таяуда қол жеткіземіз деп ойлаймын, – деді Бородавкин.

Ресей елшісінің бұл сөзі қоғам өкілдерінің кейбірінің наразылығын туғызды.