×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

2 млрд теңге жымқырылған: Сот сараптамалары орталығы басшылары тергеуге ілінді

Бүгін, 08:55
2 млрд теңге жымқырылған: Сот сараптамалары орталығы басшылары тергеуге ілінді
Ulysmedia коллажы

Қаржы мониторингі агенттігінің Астанадағы департаменті прокуратураның үйлестіруімен Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысын ұстаған. Олардың үстінен бюджеттің 2 млрд теңгеден көп қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

АГЕНТТІК НЕ ДЕЙДІ

Агенттіктің хабарлауынша, 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінген. Алайда 2023-2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар арқылы жабдықтың құнын үш есе арттырған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілген. Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктеріне тыйым салынды. Сонымен қатар, банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы компанияның ақша қаражаты бұғатталды.Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы ұсталып, сот оларды 2 айға қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдады, – делінген ресми ақпаратта.

Тергеу жалғасып жатыр.