АҚШ-тағы бұқаралық ақпарат құралдары бірінен кейін бірі осы жаңалықты таратып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КӨМЕК ТОЛЫҚ ТОҚТАДЫ МА
Ақ үй өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған AFP, Reuters және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға әскери көмекті уақытша тоқтатуға бұйрық бергенін жарыса жазып жатыр. Ақ үйдің өкілі бұл ақпаратты таратқанда аты-жөнін атап көрсетпеген.
Президент бейбітшілікке ұмтылатынын ашық білдірді. Бізге серіктестеріміздің де осы мақсатқа берік болғанын қалаймыз. Біз көмекті уақытша тоқтатып, қайта қарастырып жатырмыз, оның мәселені шешуге ықпал ететініне көз жеткізуіміз қажет, – делінген AFP агенттігі таратқан мәлімдемеде.
Bloomberg және Fox News мәліметінше, бұл үзіліс Украина басшылығының бейбітшілікке ұмтылысын дәлелдегенше жалғасады.
Бұл көмек толық тоқтатылғанын білдірмейді, тек уақытша үзіліс, – деп келтіреді Fox News Трамп әкімшілігінің өкілін.
Bloomberg деректеріне сәйкес, шешім Украинаға әлі жеткізілмеген барлық америкалық әскери жабдықтарға, соның ішінде жолда тұрған немесе Польша арқылы транзитті күтіп тұрған қару-жараққа да әсер етеді.
ТРАМП ПЕН ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ ДАУЫ
28 ақпанда Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі бүкіл әлемнің назарына ілінді. Кездесудің шиеленісті сипаты мен күтпеген нәтижесін атап өтпегендер кемде-кем. Келіссөздердің қалай өрбігенін Ulysmedia.kz осы мақалада толық зерттеп, сараптап көрген еді.