×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

Асырап алған баласын азаптап өлтіріп, денесін 4 жыл жасырған әже мен қызы сотталды

Асырап алған баласын азаптап өлтіріп, денесін 4 жыл жасырған әже мен қызы сотталды
Видео кадры

Щучье қаласында асырап алған екі жасар баласын азаптап өлтіріп, оны 4 жыл жасырып келген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сәбидің 65 жастағы өгей әжесі де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ҚЫЛМЫС

КТК телеарнасының мәліметінше, қатыгездікпен азаптап өлтірген қылмыс былтыр көктемде әшкере болды. Отбасы бес баланы асырап алған. Солардың бірі басы жарылып ауруханаға түскен. Сол сәтте қамқоршысы шатасып, ауырған баланың емес, өлген баласының туу туралы куәлігін апарған. Басы жарылған баланың жарақаты оқыс құлағаннан емес, әдейі ұрғаннан болуы мүмкін деп күдіктенген тәртіп сақшылары тексеріс жүргізсе, асырандылардың бірі төрт жыл бұрын көз жұмған. Оның денесін жер үйдің ауласына көміп тастаған.

СОТ ҮКІМІ

Сотта әжесі кінәнің бәрін өз мойынына алып 21 жылға сотталса, шешесі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

— Кухаль Надежда Васильевна қорытынды сот үмімі бойынша 21 жылға бас бостандығынан айрылсын. Өмір бойына педагог қызметін көрсету мен кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу құқығынан айрылсын. Ал Трофимова 4 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айырылып, кінәсін орта деңгейдегі қылмыстық атқару мекемесінде өтесін, дейді Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Дархан Бейісов.