×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

Қазақстанда зейнеткерлердің несиесін кешіру ұсынылды

Қазақстанда зейнеткерлердің несиесін кешіру ұсынылды
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс отырысында Қазақстанда зейнеткерлердің несиесін кешіру ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай ұсынысты депутат Қайрат Балабиев жасады. 

БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ

Балабиевтің сөзінше, банкроттық туралы заң борышкерлердің ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, өтініш беруге оңтайлы жағдай жасауы тиіс еді. Сондай-ақ, оның шарттарында 6 млн. 291 мың теңгеден  аспайтын қарыздарды  банкроттыққа тапсыруға болатыны көрсетілген. 

- Алайда, шын мәнісінде, бұл заң да, банкроттыққа тапсыру тетігі де дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ.  Қолда бар жалғыз ресурс «Е-өтініш» қосымшасы арқылы жолданған өтініштер  қанағаттандырылмай отыр. Соның салдарынан өмір бойы бейнеттеніп зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер зейнетақысынан қағылып жатыр. Көпшілігінің банктер алдында төленбей қалған қарыздары бар. Сот орындаушылары бәрінің есепшоттарын бұғаттап, шетелге шығу мүмкіндіктерін шектеп тастаған, дейді депутат. 

БАНКТЕГІ ЖАҒДАЙ

Депутат банктерге барсаңыз, бар-жоғы 32 мың теңге зейнетақысы банк картасына түспей жатып жоқ болып кеткен, зар илеген зейнеткерлер жүретінін айтты. Жағдайды зерттесек, зейнетақы «кіріс көзі» болып саналады және зейнетақы әлеуметтік қорғалған есепшот санатына жатқызылмаған. 

- Әлеуметтік қорғалған есепшоттарды  ашу тек «Каспий банкі», «Халық банкі» және «Центр кредит» банктеріне бекітілген. Бұл банктердің филиалдары тұрмақ, банкоматтары жоқ жер көп. Барлық жерде банкоматтары болмаса да, бөлімшелерібар «Қазпошта»  әлеуметтік қорғалған есепшоттарды ашуғаболатын тізімге  енбеген. Бұл қасақана жасалған әрекет емес пе?, дейді депутат. 

Борышкерлердің айтуынша, «Е-мобил» қосымшасы арқылы банкроттыққа тапсыру тетігі жергілікті салық органдарының құзыретіне берілген. Бұл орайда, мемлекеттік органдар борышкерлердің мүддесіне жұмыс істеуі тиіс.

- Ал, енді зейнетақы қорынан қомақты қаржыны алып, ел игілігі үшін пайдаланып жатқандықтан, зейнетақыны «кіріс көзі» деп санау – ұят емес пе?  Қазақ «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген ұрпақты тәрбиелесе, қариялардың ризашылығын алмағандардың сағы сынатынын ескерген екен. Бейнеткештердің зейнетақы жинағына қол салғанымыз аздай, зейнеткерлерге зейнетақысын жегізбеуіміз елдігімізге сын болар, дейді Балабиев. 

ҰСЫНЫС

Депутат жоғарыда айтқандарды ескеріп, бірнеше ұсыныс жасады. 

  1. Әділет органдарына берешегі бар зейнеткерлердің зейнетақы есепшоттарын бұғаттаудан босатуды;
  2. Республикалық базадан банктерде берешегі бар зейнеткерлерді бақылап анықтауды;
  3. Құзырлы органдарға зейнеткерлердің соттан тыс жәнесот арқылы «банкрот» деп тану процесін жеңілдетуді; 
  4. Зейнеткерлердің қарызын кешіруді;
  5. Барлық екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» мекемесінен де зейнеткерлер үшін әлеуметтік қорғалғанесепшоттарды жаппай ашуды ұсынды.