Бұл жөнінде орталық коммуникациялар алаңында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТӨРЕБАЕВ НЕ ДЕЙДІ
Қайрат Төребаевтің айтуынша, АҚШ пен Еуроодақ тарапынан Қазақстанның екі компаниясы санкцияға ілінген.
Бұл екі компания Ресейге жергілікті заң және халықаралық заң бойынша станоктарды экспорттаған. Сондықтан, біз осы санкциялар жөнінде Еуропалық одақпен және АҚШ-пен бірігіп, осы сұрақты талқылап жатырмыз. Неге осы екі компания санкцияларға ілінді? Қазірр пікір алмасып жатырмыз, – дейді вице-министр.
Қайрат Төребаев мәселе тез арада шешілмейтінін мойындайды.
САНКЦИЯЛАРДЫҢ 19-ШЫ ПАКЕТІ
Осыдан бірнеше күн бұрын Еуроодақ елдерінің елшілері Украинаға басқыншылық жасаған Ресейге қарсы 16-санкция пакетін қабылдаған еді. Жаңа шектеу шаралары Еуроодақ елдеріне ресейлік алюминий өнімдерін сатып алуға кезең-кезеңімен тыйым салады. Бұдан бөлек, Ресейден мұнай экспортына шектеу күшейеді деп отыр. Бұған қоса, Ресейдің "көлеңкелі флоты" деп аталатын 73 танкер санкцияға ілігеді деп отыр, ақпаратқа қарағанда, олар мұнай саудасында шектеулерді айналып өтуге қолданылады. "Қара тізімге" 13 банк қосылмақшы. Бұған дейін Ресейдің 15 банкі, соның ішінде "Уралсиб" және "Точка" деген банктеріне санкция салынуы мүмкін деген хабар шыққан.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 48 жеке және 35 заңды тұлғаға санкция салынады, арасында Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесті делінген Үндістан, Қазақстан, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Түркия мен Өзбекстандағы компаниялар бар.