Нью-Йорктен Лос-Анджелеске бағыт алған жолаушылар ұшағы Чикаго қаласына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әуе кемесінің шұғыл маневр жасауына ұшақ дәретханасынан табылған хат себеп болған. Хатта «ұшақта жарылыс болуы мүмкін» деп жазылған.
Құқық қорғау органдары оқиға орнына иісшіл иттермен келіп, тексеру жүргізді. Олардың бірі сөмкені тапты. Жергілікті полиция жолаушыларды эвакуациялап, ұшаққа тінту жүргізді.
Дәретханадан ұшақтың жарылатыны туралы хат табылды, – делінген хабарламада.
Әзірге, ұшақ бортындағы жолушылар мен экипаж мүшелеріне шынымен қауіп болды ма, жоқ па анықталған жоқ. Ал әуе кемесі Чикагодан сағат 14.30-да ұшып кетті. Құқық қорғау қызметкерлері тексеруді жалғастырып жатыр.