×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Қазақстанда әйелдер жыл сайын көбейіп жатыр

Қазақстанда әйелдер жыл сайын көбейіп жатыр
ЖИ / ulysmedia.kz

Ұлттық статистика бюросының өкілдері Қазақстанда ерлер мен әйелдердің үлесі қанша екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СТАТИСТИКА

Бюро мәліметінше, Қазақстанда 10 381 377 әйел адам бар, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%.

Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті. 

Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады.

ӨҢІРЛЕР

Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана.

Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны  37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өскен.

ЖАС ҚҰРАМЫ

Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы 34,1 жасты құрайды.

ҚАЙ САЛАДА ӘЙЕЛДЕР КӨП

Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.