Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай және Серебрянск қалаларында жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
11 наурызда Алтай және Серебрянск қалаларында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапановтың қатысуымен халықпен кездесу өткен. Дархан Сапанов жиынға қатысушыларға бүгінде жеті ауданда жұмыс кестесі өзгергенін айтты. Енді аудан тұрғындары жұмысты 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайды, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.
Аудандық мәслихаттың төрайымы Гречушникова Лариса ауданда халықпен кездесулер өткізіліп жатқанын атап өтті. Халық сағат 08:00 мен 17:30 аралығындағы жұмыс кестесі ұсынған.
Айта кетейік, өнеркәсіптік кәсіпорындар да сағат 8-ден бастап жұмыс істейді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Самар, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерген болатын.
Енді бұл аудандарда жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін аралығында болады.