×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

Жол ережесін 10 рет бұзған жүргізушілер емтиханды қайтадан тапсыратын болады

Жол ережесін 10 рет бұзған жүргізушілер емтиханды қайтадан тапсыратын болады
Фото: ІІМ

Депутат жүргізушілерге сынақ мерзімін енгізуді ұсынды. Бұған жауап ретінде премьер-министрі заңға енгізілген жаңа түзетулерді тізіп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕНАТОРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ

Авто мектептерге бақылауды күшейту және жаңа жүргізушілер үшін сынақ мерзімін енгізу туралы ұсынысты сенатор Марат Қожаев айтты. Ол Қазақстанда жолдағы қауіпсіздіктің төмен болуы бір жағынан жүргізушілердің дайындығы төмен болуымен байланысты екенін айтты. 

БЕКТЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Депутаттық сауалға жауап ретінде премьер-министр мәжілісте жүргізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобалары қолға алынғанын еске салды.

Мысалы, түзетулердің бірі бойынша, бір күнтізбелік жыл ішінде 10 және одан да көп жол ережесін бұзған азамат қайтадан жол қозғалысы ережелері бойынша емтихан тапсыруға міндеттеледі. Тексеру кезеңінде оның көлік жүргізуіне тыйым салынады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте қай баптар бойынша жүргізушіні қайта емтихан тапсыруға жіберуге болатынына қатысты тізім кеңейтіледі.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде 10 және одан да көп рет ереже бұзған жүргізушілер үшін әкімшілік өндірістің қысқартылған тәртібі (50% жеңілдікпен айыппұл төлеу) алып тасталады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жолаушыларды көлікпен тасымалдау саласын реттеуге бағытталатын бірқатар шара іске асырылатынын, оның ішінде, енді таксисттердің бәрі жаңа ұйымға бірігіп, міндетті жарна төлейтіні туралы хабарлаған едік