×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

«Ит пе, қасқыр ма?»: желідегі бейнежазба қызу талқыға түсті

15.03.2025, 09:31
«Ит пе, қасқыр ма?»: желідегі бейнежазба қызу талқыға түсті
Видеодан алынған кадр

ТikTok әлеуметтік желісінде қызық бейнежазба тарады. Онда белгісіз адам соңынан ерген қасқырды иесіз ит екен деп ойлап, тамақтандырмақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бейнежазбада түз тағысынан аумайтын хайуанның адамға жақындап келіп, еркелегені анық көрінеді. Бірақ ол берген нанды жеуден бас тартты. Мұны көрген әлеуметтік желі қолданушылары арасында «бұл ит пе, қасқыр ма?» деген сұрақ төңірегінде қызу пікірталас өрбіді.

Ролик авторының айтуынша, жұмыстан қайтқан ер азаматтың соңынан қасқырға ұқсас хайуан қалмай еріп үйіне дейін келген. Есік алдына жеткенде еркек дүкеннен сатып алған нанды «серігінің» алдына тосқан, бірақ ол тамақты жемейді. Бұл көріністі автор бейнекамераға түсіріп алыпты. Адам мен аңның жылы қарым-қатынасы желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Бейнежазба қысқа уақытта 2,6 миллионнан астам қаралым жинады.