×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

2022 жылы 8 елде қазақ тілін офлайн оқытатын курс ашылады

31.12.2021, 15:35
Фото: Ашық дереккөзден

Оқу орталықтары әлемнің 8 елінің 10 қаласында ашылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2022 жылы Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жанынан 8 елдің (Омбы (Ресей), Орынбор (Ресей), Лондон (Ұлыбритания), Горган (Иран), Стамбул (Түркия), Анкара (Түркия), Берлин (Германия), Париж (Франция), Ұлан-Батыр (Моңғолия), Нью-Йорк (АҚШ) 10 қаласында қазақ тілін офлайн режимде оқыту курстарын ашу жоспарлануда. Менің тапсырмам бойынша шетелдегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту жөніндегі әмбебап басылым әзірленді», - деп жауап берді депутаттардың сауалына үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда А1, А2 деңгейлері бойынша басылымның контенті қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, Абай институтының онлайн - платформасында орналастырылған. Абай институты 2021 жылы онлайн режимінде қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырған. Оған 238 адам қатысқан. Оның ішінде Өзбекстаннан 122 адам, Монғолиядан 50 адам, Ресейден 42 адам, Германиядан 8 адам, Түркиядан 4 адам, Ираннан 3 адам, Мажарстаннан 2 адам, Ұлыбританиядан 2 адам, Бельгиядан 2 адам, Франциядан 2 адам, Польшадан 1 адам болған.

Сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары шетел университеттері базасында қазақ тілін оқыту орталықтарын, кафедраларын ашу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары