×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Депутат Смирнова әйелдер түрмесіндегі адамшошырлық жағдай туралы айтты

Депутат Смирнова әйелдер түрмесіндегі адамшошырлық жағдай туралы айтты
pixabay.com

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова әйелдер түрмесіндегі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛМАТЫДАҒЫ ТҮРМЕ

Смирнова Алматыда 1934 жылы салынған әйелдер түрмесіндегі жағдай туралы айтты. 

- Сол кездері салынған барақтар әлі бар. 50 шақты төсек тұрған үлкен бөлме. Моншаға аптасына тек бір рет барады. Дәретханасы далада. Жағдай – адамшошырлық. Түрмедегі балабақша туралы мүлде бөлек әңгіме айтуға болады. Балалар түрмеде, есесіне анасымен. Балалар тек үш жасына дейін анасымен болады. Әрі қарай тағдыр қалай шешсе, солай болады, дейді Смирнова

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін депутат Қарақат Әбден мәжілісте сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынған болатын. Тиісті депутаттық сауал Ішкі істер министрінің атына жолданды.

"Сотталған әйелдердің жасаған қылмысы зорлық-зомбылық жасаумен байланысты болмаса, қоғам үшін қауіп төндірмейтін болса, ондай әйелдерге амнистия жасау мүмкіндігін қарастырып көруді ұсынады. Мұндай шара әлеуметтік әділдік орнатуға, отбасы құндылығының нығаюына және өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдердің дұрыс жолға түсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Көп жағдайда отбасындағы бала тәрбиесі әйелдердің мойнында", – деді депутат.

Қарақат Әбден келтірген деректерге сүйенсек, қазір 2 336 әйел бас бостандығынан айырылған. Олардың жартысы – аналар, оның ішінде 250-і көп балалы аналар.