×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

499 миллион теңге: Қарағандыда түрменің киімінен ақша жымқырған

Бүгін, 20:45
499 миллион теңге: Қарағандыда түрменің киімінен ақша жымқырған
Әлеуметтік желіден

Түрмеден теңге жасаған. Қарағанды облысында қылмыстық атқару жүйесіне қарасты «Еңбек» филалының бұрынғы  басшылары қамауға алынды. Олар түрмедегілерге киім-кешек тіктіруге бюджеттен бөлінген 449 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

ТҮРМЕНІҢ АҚШАСЫН ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСІРГЕН

Ұсталғандардың екеуі де осы мекеменің бұрынғы бастығы екен. Олар жымысқы әрекетін 2021 мен 2023 жылдар аралығында жасаған. Қылмыстық әрекетті бірі бастаса, екіншісі аяғына жеткізген сияқты. Киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын алуға 449 миллион теңге бөлінеді. Оған филиал  «бір көзден сатып алу» әдісімен 23 келісімшарт жасаған. Алайда тауарлар жеткізілмеген. Өйткені төрт жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісім жасалады. Аталған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

“Қылмыстық жолмен алынған табысқа Алматы қаласынан жеке үй мен BMW X6 автокөлігі сатып алынған, оны тәркілеуден жасыру үшін сенімді тұлғаларға ресімдеген. Аталған мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды. Күдіктілер екі айға қамауға алынды”- дейді Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова әйелдер түрмесіндегі жағдай туралы айтқан еді. 

 

АЛМАТЫДАҒЫ ТҮРМЕ

Смирнова Алматыда 1934 жылы салынған әйелдер түрмесіндегі жағдай туралы айтты. 

- Сол кездері салынған барақтар әлі бар. 50 шақты төсек тұрған үлкен бөлме. Моншаға аптасына тек бір рет барады. Дәретханасы далада. Жағдай – адамшошырлық. Түрмедегі балабақша туралы мүлде бөлек әңгіме айтуға болады. Балалар түрмеде, есесіне анасымен. Балалар тек үш жасына дейін анасымен болады. Әрі қарай тағдыр қалай шешсе, солай болады, дейді Смирнова

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін депутат Қарақат Әбден мәжілісте сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынған болатын. Тиісті депутаттық сауал Ішкі істер министрінің атына жолданды.