Қарағандыда алты жастағы балалармен жыныстық қатынасқа түскен 60 жастағы күдікті ұсталды. Ол өзінің азғын әрекетін видеоға түсіріп отырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ДЕРЕКТЕР
КТК телеарнасының мәліметінше, күдікті ойнас үшін кезекті баланы сатып алып жатқан жерінде қолға түсті.
Қаршадай баласын азғынның қолына бергені үшін аналары ақша алған. Күдікті порнография ролик түсіру мақсатында балалардың шешесімен келісім жасаған. Азғынға алты жастағы балаларын берген аналарға қатысты да қылмыстық іс қозғалды.
Баласын сатқан екі келіншек те жезөкшелер екен.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін кәмелетке толмай тұрмысқа күштеп берілген және зорлық-зомбылық көрген қыз туралы жазған едік. Қыз баланың басындағы тауқыметті Немолчи қоры жария етті. Қордың таратқан ақпаратына сүйенсек, өгей әке 15 жасар қызын 38 жастағы танысына тұрмысқа берген. Ал ол қызға бес күн бойы зорлық көрсеткен.
«Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Смаилованың айтуынша, бұл жағаұстатарлық жағдай Қарағанды облысының Абай қаласында болған.