×
498.25
537.16
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.25
537.16
5.96

Kaspi Өзбекстанға ақша аудара алатын мүмкіндікті іске қосты

21.03.2025, 14:04
Kaspi Өзбекстанға ақша аудара алатын мүмкіндікті іске қосты
Ulysmedia.kz коллажы

Бұған дейін қазақстандықтар Өзбекстанға ақша аударымдарын тек VISA немесе MasterCard карталарына жібере алатын. Енді Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы өзбек ұлттық төлем жүйелерінің Uzcard және Humo карталарына да аударым жасау мүмкіндігі пайда болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан тұрғындары арасында достық, туыстық, іскерлік және мәдени байланыстар бұрыннан қалыптасқан. Адамдар қонаққа бару немесе жұмыс бабымен жиі сапар шегеді, сондықтан төлемдер мен ақша аударымдарына деген қажеттілік тұрақты түрде туындайды.

Kaspi.kz өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін жаңа қызметті – Өзбекстанның ұлттық төлем жүйелері Uzcard және Humo карталарына аударымдарды іске қосты. Бұл – елдегі ең кең таралған төлем карталары.

Біз сүйікті клиенттеріміз үшін осы жаңа сервисті іске қосқанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіміз деп білеміз," – деп мәлімдеді Kaspi.kz негізін қалаушы және басшысы Михаил Ломтадзе.

Аударымдар одан да ыңғайлы болды – енді тек картаның нөмірін енгізу жеткілікті, ал алушының аты автоматты түрде көрсетіледі.

Толығырақ ақпаратты Kaspi Гид сервисінен оқи аласыз.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтерді жасау. Оның негізінде Қазақстандағы ең танымал Kaspi.kz суперқосымшасы жатыр, оны 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Ол электронды коммерция, төлемдер және қаржылық қызметтер бойынша елдегі жетекші сервистерді біріктіреді.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізілетін тиімді онлайн сатып алулар жасайды, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жүргізеді, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турларға тапсырыс береді және ең қажетті мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi Pay суперқосымшасы қазақстандық кәсіпкерлерге арналған – оны 700 мыңға жуық бизнес өкілі қолданады. Бұл қосымша арқылы олар бизнеске қажетті қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық кампаниялар жүргізеді, салық төлейді, сондай-ақ электронды коммерция және жеткізу платформаларына қосылып, өз тауарларын бүкіл ел бойынша сата алады.

Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, және бірнеше жылдан бері магистратура студенттері осы материалдар бойынша білім алып жатыр.