×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Оңтүстік Кореяда ТЖ жарияланды: қаза тапқандар бар

23.03.2025, 11:57
Оңтүстік Кореяда ТЖ жарияланды: қаза тапқандар бар
Shutterstock/FOTODOM

Оңтүстік Кореяда елдің оңтүстік аймақтарын шарпыған орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өрт 21 наурызда Санчхон округінде, сондай-ақ елдің оңтүстігіндегі бірнеше ауданда тұтанған. Кореяның орман қызметі хабарлағандай, тілсіз жаудан төрт адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған. Сенбі күні кешке қарай Санчхондағы өрт ошағының 25%-ы ғана оқшауланған.

АДАМДАРДЫ ЭВАКУАЦИЯЛАП ЖАТЫР

Bloomberg басылымы апат салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тауып, жүздеген тұрғын эвакуациялауға мәжбүр болды деп жазды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, билік жүздеген құтқарушы мен ондаған арнайы өрт сөндіру машинасын іске қосқан. Қызыл жалын шамамен 847 гектар орманды шарпыған. Санчхоннан 260-қа жуық адам эвакуацияланды.

Оңтүстік Кореяның Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі хабарлағандай, 22 наурызда елдің басқа аймақтарында да өрт шығып, Ульсан қаласы мен көршілес Кенсансан провинциясында 620 тұрғын үйлерін тастап қауіпсіз орынға баруға мәжбүр болған.