Жаңаөзендегі халықтың наразылығына байланысты ОКҚ алаңында баспасөз мәслихатын өткізген Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев газ бағасын арзандатуға болмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Әр өндірістің өзіндік құны бар. Яғни Жаңаөзенде орналасқан «ҚазақГазӨңдеу» зауытында бір тонна газдың өзіндік құны 98 мың теңгені құрайды. Яғни ол литріне шаққанда 60-70 теңгеге тең. Оған қосатын ауытқуы, логистикасы тағы бар. Сондықтан газдың өзіндік құны газ тарату стансаларында шамамен 80 теңгені құрап отыр. Әрине, оны өзіндік құнынан төмен деңгейде сатуға болмайды. Бұл – орысшада айтып кеткенімдей, «тупиковый» жол деп айттық қой. Сондықтан, егер саланы дамытамыз десек, сонымен қатар инвестииця салаға әкелеміз десек, қолданыстағы бар зауыттарды осы жағдайда ұстап отырамыз десек, газ бағасын арзандатуға болмайды», - деп мәлімдеді Энергетика министрі ОКҚ алаңында.
Ал бүгінгі таңда станса қожайындарының газдың бағасы 85-90 теңгеге төмендету туралы шешімді министр әлеуметтік бастама екенін мәлімдеді.
«Олар өз маржасын бөлісіп, 100-1200 теңгеден 80-85 теңгеге төмендетті. Біз осындай бастаманы тек қолдауымыз керек. Бұл мәселе өте дұрыс. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, нақты рентабелділігін анықтап, нақты шешімге келуге болады деп ойлаймын», - деді ол.