×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Ирандық белсендіге хиджаб кимегені үшін 178 дүре соғу жазасы тағайындалды

Ирандық белсендіге хиджаб кимегені үшін 178 дүре соғу жазасы тағайындалды
Көрнекі сурет: Reuters

«Гилак» қозғалысының белсендісі, бұрынғы саяси тұтқын Хамиде Зарей хиджаб кимегені үшін 178 дүре соғу жазасына және 18 ай түрме жазасына кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Daily mail мәліметінше, Хамиде Зарей наурыздың басында Рашт орталық түрмесінен босатылған болатын. Ол онда шамамен бір ай қамауда отырды, енді оған жаңа жаза тағайындалған.

СОТ ҮКІМІ

Соңғы сот үкіміне сәйкес, Зарей «қоғамдық тәртіпті бұзғаны» үшін 9 ай түрме жазасына және 74 дүре соғуға, «құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсыласқаны» үшін тағы 9 ай түрмеге және 74 дүре соғуға, «полиция қызметкерін қорлағаны» үшін 74 дүреге, ал «көрінбейтін дене жарақатын келтіргені» үшін 30 дүреге кесілді.

Тегеран университетінің магистранты Зарейді билік 3 ақпанда ізіне түсе бастаған.

Hengaw адам құқықтарын қорғау ұйымының есебіне сәйкес, Зарей Рашт орталық түрмесінде 29 күн қамауда болды және 3 наурызда кепілмен босатылды.

Қамауда болған кезінде ол прокуратураның қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің физикалық зорлық-зомбылығына ұшыраған. Соның салдарынан оның білегі жараланып, денесінде ауыр жарақаттар болған.