×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

КСРО кезінде қазақ мектептерін ашу сепаратизм саналатын – Бахтияр Албани

27.03.2025, 08:01
КСРО кезінде қазақ мектептерін ашу сепаратизм саналатын – Бахтияр Албани
скриншот

Қазақ КСР кезінде неге қазақ мектептері аз болды? Бұл сұраққа Қонаевтың жиені, тарихшы әрі публицист Бахтияр Албани жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кез келген жаңа қазақ мектебін ашу сепаратизмге ұмтылысы ретінде қабылданатын. Тиісті органдар шара қолданатын еді. Жергілікті халықтың құрамы қатты аралас болғандықтан, осындай саясат жүргізілді.

Қазақ балабақшасы ашылған кезде-ақ, "Известия" газетінде бірден "Қазақстанда ұлттық оқшаулануға ұмтылыс байқалады, ұлтшылдық бас көтеруде" деген өткір сын мақала жарияланды:

Қазақтарға, әсіресе алашордашылар ретінде тағылған негізгі айыптар қандай болды? Ұсақ буржуазиялық ұлтшылдық пен Жапонияның пайдасына тыңшылық жасау – деді Албани Dopesoz подкастының эфирінде.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІ

Екі елдің келісімі бойынша Қазақстанның үш облысында орыс мектептері ашылады. Ол білім ордасы кімнің қаражаты есебінен салынатынын бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі министрден сұрап білген еді. Қазақстандағы орыс мектептері Түркістан, Тараз және Қызылордада салынады.  Ресейде қазақ мектептері қай қалаларда салынатынын мына сілтемеден оқуға болады.