×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

АҚШ-та Палестинаны қолдаған түркиялық студент ұсталды

АҚШ-та Палестинаны қолдаған түркиялық студент ұсталды
Фото: Elips

АҚШ-тың иммиграция қызметкерлері Тафтс университетінің аспиранты Румейса Өзтүрікті Палестинаны қолдауға арналған шараларға қатысқаны үшін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Миграциялық қызметтің мәлімдеуінше, Өзтүрік жақын арада депортацияланады.

Румейса Өзтүрік Колумбия университетін бітірген, қазіргі уақытта Тафтс университетінің аспирантурасында оқиды.

Ол басқа студенттермен бірге университеттің Tufts Daily газетінде Израильдің Газа секторындағы шабуылдарын халықаралық құқыққа сәйкес «геноцид» деп атаған мақала жариялады, деп жазады Yeni Şafak.

Сондай-ақ, ол университеттердің Палестинаны қолдауға арналған демонстрацияларға кедергі келтірмеуі керектігін атап өтті.

17 қаңтарда Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасында Газа секторында атысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісім жасалған болатын.