×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Павлодарда бір үйдің үш адамын өлтіріп кеткен кәсіпкерлердің жазасы қатаңдады

Павлодарда бір үйдің үш адамын өлтіріп кеткен кәсіпкерлердің жазасы қатаңдады
Ашық дереккөзден

Павлодарда бір үйдің үш адамын өлтіріп кеткен кәсіпкерлердің ісінде нүкте қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Петропавловск news мәліметінше, жерлеу ісімен айналысқан Приходченколар отбасын өлтіруге қатысты атышулы іс бойынша соңғы шешім шығарылды. Қылмыстық істер жөніндегі алқа екі айыпталушыға қатысты жазаны қатаңдатты. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Оқиға былтыр Петропавлдағы ауылдардың бірінде болған. Бір үйдің үш адамы – ерлі-зайыпты Юлия мен Вадим және олардың кәмелетке толмаған ұлы өлі табылды. Ерлі-зайыпты жерлеу ісімен айналысатын кәсіпкерлер болған. 

Полиция күдіктілерді бірден ұстады. Ол – кәсіпкер Сергей Е. және оның қызметкері Данил О. болып шыққан. Олар да жерлеу рәсіміне байланысты қызмет ұсынатын кәсіппен айналысқан. Артынша тағы бір жерлеу рәсімі агенттігінің иелерінің бірі Ирина С. ұсталды. Тергеу мәліметінше, қылмысты басында тұрған Ирина. Олар қаза тапқан адамдармен бәсекелес болған көрінеді. 

АПЕЛЛЯЦИЯ

Былтыр қазанда үшеуіне қатысты сот үкімі шыққан. Сергей Е. және Данил О. кінәлі деп танылып, біреуі өмір бойынша, екіншісі 21 жыл 8 айға сотталды. Ирина С. полицияға хабарламағаны үшін үш жылға сотталды. Алайда олардың бәрі сот үкімімен келіспеді. 

СОТТЫҢ ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІМІ

Облыстық сот дәлелдер мен куәгерлердің айғағын тыңдап, жазаны керісінше қатаңдатты. Сергей Е. өмір бойына бас бостандығынан айырылса, Данил О 23 жылға, ал Ирина С. 4 жылға сотталды.