×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

«Не болып жатыр»: Ұлытауда қырылған киіктердің видеосы тарады

28.03.2025, 00:05
«Не болып жатыр»: Ұлытауда қырылған киіктердің видеосы тарады
Видеодан скриншот

Дала жануарының өлексесі тау болып үйілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КИІКТЕРДІҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫ: ЖЕЗҚАЗҒАН МЕН ҚАРАЖАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Белгілі журналист Асхат Ниязов киіктердің жаппай қырылуына қатысты видео жариялады. Онда табиғаттағы келеңсіз жағдай айқын көрінеді.

“Ұлытау облысынан қорқынышты видеолар келіп жатыр. Кенгір су қоймасының жағалауынан мыңдаған өлі киік табылып жатыр деп жазуда. Не болып жатыр?”- деп жазды журналист.

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Жезқазған қаласының маңында 660-тан астам өлексесі табылып, жойылды, ал Қаражал маңында 2342 киіктің өлексесі анықталған.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДА

Кенгір су қоймасында мұздың еруіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаментінің арнайы бөлімшелері мен білікті мамандар жұмылдырылды.

КИІКТЕРДІҢ ҚЫРЫЛУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ НЕДЕ?

Әзірге мамандар нақты себептерін анықтауда. Бұған ауа райының қолайсыздығы, экологиялық жағдай немесе аурулардың таралуы ықпал етуі мүмкін.